Главная Новости «Самұрық-Энерго» энергия өндірісін ұлғайтты
09 ақпан 2021, 14:26 702

«Самұрық-Энерго» энергия өндірісін ұлғайтты

«Самұрық-Энерго» энергия өндірісін ұлғайтты

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруді 31,4 млрд кВтс дейін арттырып, көрсеткіштерін 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 млрд кВтс-қа ұлғайтты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Топтың Қазақстан бойынша электр энергиясын өндірудегі үлесі 30%-ды құрады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтылды, онда компания өкілдері 2020 жылдың өндірістік және қаржылық нәтижелерімен бөлісіп, энергетикадағы болашақ жоспарларына тоқталды.

2020 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ экономикалық жағдайдың айтарлықтай өзгеруіне, оның ішінде COVID-19 пандемиясының әсеріне қарамастан, Қоғамның тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайтын несиелік тәуекелдің «жасыл» аймағында деуге болады. «Жасыл» аймаққа ену үшін Қоғам қарыз жүктемесінің деңгейін төмендету және валюталық тәуекелдерді азайтуға қатысты бірқатар іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов атап өткендей, бірінші кезекте «Мойнақ ГЭС» АҚ-ның 148 млн АҚШ доллары, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ның шамамен 100 млрд теңге сомасындағы валюталық міндеттемелерін теңгемен қайта қаржыландырылуға тоқталып өткен жөн. Осы жұмыс нәтижесінде несиелік портфельдегі валюталық міндеттемелердің үлесі 1,5%-ға дейін төмендетілді.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта қарызды басқаруға қатысты жүргізілген жоспарлы жұмыс қарызды 92 млрд теңгеге азайтуға мүмкіндік берді, яғни акционер белгілеген қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мақсатты индикаторларын орындауға мүмкіндік туып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры Марат Ұлдановтың айтуынша, 2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-інің белгіленген қуатын ұлғайта отырып, станцияны толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Компанияның көмір сату көлемі 2020 жылдың соңында 43,4 млн тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 4% жоғары.

Брифингте атап өтілгендей, ағымдағы жылдың басынан бастап жаңа Экологиялық кодекс қабылданды және энергетикалық қоғамдастық алдында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттер тұр. Сонымен, 2020 жылы оңтүстік мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетін Алматы 2-ЖЭО-ны газдандыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі Мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ еншілес компаниясымен бірлесіп, белгіленген қуатты 450 МВт-қа дейін арттыра отырып, Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Компанияның инвестициялық жобаларының ауқымды бөлігін жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту қамтып отыр.

Компания 2015 жылы Ақмола облысында пайдалануға берілген қуаты 45 МВт «БЖЭС» ЖШС жел электр станциясын (ЖЭС) 50 МВт-қа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» жел энергетикасы саласындағы тағы да екі жобаны аяқтауды жоспарлап отыр, олар: Алматы облысындағы қуаты 60 МВт жел электр станциясы және Ақмола облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы. Бұған қоса оңтүстіктегі жобаны болашақта 300 МВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр.

Елдің оңтүстігіндегі маневрлік генерация мен гидроэнергетиканы дамыту аясында «Самұрық-Энерго» маневрлік режимді қамтамасыз ету мүмкіндігі бар Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құрудан басқа, Іле өзенінде қуаты 40 МВт контрреттегіш Кербұлақ ГЭС-ін салуды жоспарлап отыр. Су электр станциясын салу Қапшағай су электр станциясының реттеуші қуатын 300 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның болашақтағы жоспарларына су жинақтаушы электр станцияларын салу жобасы, сондай-ақ Алматы өңірінде электр желілерін кеңейту және жаңғырту жобалары кіреді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: