Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Самұрық-Энерго және O-GREEN жалпы қуаты 2 ГВт болатын ЖЭК жобаларын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойды
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Самұрық-Энерго және O-GREEN стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстанда, Орталық Азияда және басқа да халықаралық нарықтарда энергия жинақтау жүйелерін қолдана отырып, жалпы белгіленген қуаты шамамен 2 ГВт болатын күн және жел энергетикасы жобаларын бірлесіп дамытуды көздейді. Келісімге «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры Аңсар Айдаров және O-GREEN Бас атқарушы директоры Мұстафа Әл Хинай қол қойды. ️
Серіктестік көтерме электр энергиясы нарығын, өнеркәсіптік тұтынушыларды және деректерді өңдеу орталықтарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері есебінен тәулік бойы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін шешімдерді іске асыруға бағытталған.
O-GREEN жобаларды дамытуға үлес қосып, техникалық сараптамалық қолдау көрсетеді. Самұрық-Энерго Қазақстандағы еншілес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, энергия жүйесінің операторымен және әлеуетті тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.
«Қазақстанның жаңартылатын энергетиканы одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар және біз Орталық Азия мен басқа да халықаралық нарықтарда мүмкіндіктердің артып келе жатқанын көріп отырмыз. Негізгі назар техникалық тұрғыдан негізделген, коммерциялық жағынан өміршең және іске асырылатын энергия жүйелерінің қажеттіліктеріне сәйкес келетін жобаларға аударылуы тиіс», — деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры Аңсар Айдаров.
O-GREEN — Оман Сұлтандығының жасыл энергетика, технологиялар және цифрлық инфрақұрылым саласындағы жаһандық платформасы. Компания жаңартылатын энергетикаға және жасанды интеллектке арналған инфрақұрылымға маманданған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!