Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» Орталық Азияның бес елінен келген ЕҚЫҰ және GWNET бағдарламасының қатысушыларына жел энергетикасы саласындағы тәжірибесін таныстырды.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС ЕҚЫҰ Энергетикалық ауысу жөніндегі жаһандық әйелдер желісінің (GWNET) қатысуымен ұйымдастырған Орталық Азияның энергетика секторындағы әйелдердің кәсіби даму бағдарламасына қатысушылардың халықаралық делегациясын қабылдады. Сапарға Орталық Азияның бес елінен — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен GWNET ұйымдарынан 20-дан астам өкіл қатысты.
Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытудағы қазақстандық тәжірибемен танысу үшін Ақмола облысының Ерейментау қаласы маңында орналасқан Бірінші жел электр станциясы таңдалды. Сапар барысында қатысушылар станцияның инфрақұрылымымен, жел энергетикалық қондырғыларын пайдалану ерекшеліктерімен және Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларында жаңартылатын энергия көздерін қолданудың практикалық қырларымен танысты.
Бірінші жел электр станциясы — Қазақстандағы өнеркәсіптік жел энергетикасының алғашқы ірі жобаларының бірі. Станция 2015 жылы пайдалануға берілді. Іске қосылған сәттен бері өндірілген электр энергиясының жалпы көлемі 1,57 млрд кВт·сағ-тан асты. Іс-шара ЕҚЫҰ-ның «Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты даму үшін Орталық Азияның энергетика секторындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу» халықаралық жобасы аясында өтті.

Жоба әйелдердің кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға, олардың энергетика саласына қатысуын арттыруға бағытталған. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның осындай халықаралық бастамаларды қолдауы ЖЭК жобаларын іске асырудағы практикалық тәжірибені таратуға, салалық құзыреттерді нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!