Главная Новости «Самұрық-Энерго» кредиттік әлеуетін жақсартты
13 қаңтар 2021, 08:29 1095

«Самұрық-Энерго» кредиттік әлеуетін жақсартты

 «Самұрық-Энерго» кредиттік әлеуетін жақсартты

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның 2020 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша қаржылық жағдайы, Covid-19 пандемиясының әсеріне және экономикалық жағдайдың едәуір өзгеруіне қарамастан, орнықты деп сипатталды. Компания кредиттік тәуекелдің «жасыл» аймағынан орын алды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Борышты және қаржылық орнықтылықты басқару саясатына сәйкес, «Самұрық-Энергода» жыл сайынғы негізде кредиттік тәуекелдің «қызыл», «сары» және «жасыл» аймағы айқындалады.

Компанияда атқарылған іс-шаралар оның борыштық жүктемесінің деңгейін «жасылға» дейін төмендетуге және валюталық тәуекелдерін мейлінше азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның 148 млн АҚШ доллары сомасындағы, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның шамамен 100 млрд теңге сомасындағы валюталық міндеттемелері қайта қаржыландырылды. Нәтижесінде валюталық міндеттемелердің кредиттік портфельдегі үлесі 1,5%-ке дейін төмендетілді.

Борышты басқару бойынша атқарылған жоспарлы жұмыстың есебінен «Самұрық-Энерго» 2018-2020 жылдары қарызын баланстық көрсеткіште шамамен 92 млрд теңгеге қысқартты, бұл қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің акционер белгілеген мақсатты көрсеткіштеріне сай келеді.

Одан тыс, компанияның cash pooling механизмін енгізуі оң нәтиже көрсетті. Бұл компаниялар тобының ақша ағынын бір орталықтан басқаруға, ішкі ресурстарды тиімдірек пайдалануға, сырттан қарыз алу деңгейін азайтуға және қаржыландыруға кететін сыртқы шығыстарды болдырмауға мүмкіндік берді.

Энергия ресурстарына деген әлемдік бағалардың төмендеуі, Covid-19 індеті, базалық ставка деңгейінің сақталуы, жоғары инфляцияның күтілуі секілді теріс факторларға қарамастан, «Самұрық-Энерго» компаниялары тобының қаржылай орнықтылық көрсеткіштері тұрақты күйінде қалуда.

2020 жылы Fitch Ratings халықаралық агенттігі Самұрық-Энергоның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде растаған болатын. Болжам «Тұрақты», сондай-ақ Самұрық-Энергоның кредитті өз бетінше төлеу қабілетін «B» -ден «B+» -ке дейін жоғарылатты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: