Главная Новости Самұрық-Энерго офтейк-келісімшарттарының жалпы көлемін 5 еседен астам ұлғайтты
27 июля 2026, 14:30 37

Самұрық-Энерго офтейк-келісімшарттарының жалпы көлемін 5 еседен астам ұлғайтты

Самұрық-Энерго офтейк-келісімшарттарының жалпы көлемін 5 еседен астам ұлғайтты

«Самұрық-Энерго» АҚ отандық тауар өндірушілерді қолдаудың және импорт алмастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралдарының бірі болып табылатын офтейк-келісімшарттар тетігін дамытуды жалғастыруда.

«Самұрық-Қазына» АҚ іске асырып жатқан Жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 2 млрд теңгені құрайтын 13 офтейк-келісімшартқа қол қойды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 388 млн теңгеге 14 офтейк-келісімшарт жасалған болатын. Осылайша, келісімшарттар саны шамалас болғанымен, 2026 жылдың сәйкес кезеңінде олардың жалпы көлемі 5 еседен астам ұлғайды. Бұл ауқымды жобалардың іске асырылып жатқанын және отандық өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстың тиімділігі артқанын көрсетеді. Қосымша ынталандыру шарасы ретінде 2026 жылға еншілес және тәуелді ұйымдардың басшылары үшін офтейк-келісімшарттар жасасу бойынша негізгі қызметтік көрсеткіш белгіленді. Мақсатты көрсеткіш тауарларды сатып алу бойынша жасалған шарттардың жалпы сомасының кемінде 10%-ын офтейк-келісімшарттардың құрауын көздейді.

Офтейк-келісімшарттар отандық өндірушілерге өнімдерін өткізудің кепілдендірілген нарығын қамтамасыз етіп, өндірісті жаңғыртуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жағдай жасайды. «Самұрық-Энерго» АҚ алдағы уақытта да отандық өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтіп, өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға және еліміздің экономикасын нығайтуға үлесін қосады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: