Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың кездесуінде осы мәселе талқыланды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Қор мен Үкіметтің бірлескен бұл жобаларына алюминий сымдарын шығаратын зауыт, «Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты» вольфрам кен орындарын дамыту және Шалқия полиметаллургия рудалары кен орнында өңдеу фабрикасының құрылысын салу көзелген.
Осы жылдың қаңтар айының соңында өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі өнеркәсіптің барлық салаларына терең талдау жасап, бәсекеге қабілетті секторларды анықтауды және жан-жақты талдау қорытындысына сәйкес нақты жобаларды әзірлеп, оған инвесторларды тартуды тапсырған болатын.
Бұл тарапта ауқымды жұмыстар атқарылып, соның нәтижесінде Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды күн тәртібіне енгізді.
Жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанға әкелінетін импорттық тауарлардың, әсіресе құрылыс заттарының көлемі анағұрлым азаятынын атап өтті.
«Самұрық-Қазына» АҚ алдағы уақытта мұндай жобалардың қатарын көбейту мақсатында жұмыс істейді. Осы стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру үшін Алмасадам Сәтқалиев Қайырбек Өскенбаевқа бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұл ұсынысты қолдады.