Главная Новости «Самұрық-Қазына» Абайдың 180 жылдығына орай Семейге арнайы кітапхананы сыйға тартты
06 августа 2025, 15:19 649

«Самұрық-Қазына» Абайдың 180 жылдығына орай Семейге арнайы кітапхананы сыйға тартты

«Самұрық-Қазына» Абайдың 180 жылдығына орай Семейге арнайы кітапхананы сыйға тартты

Облыс орталығындағы инклюзивті кітапхана қызметін жылына 15000 астам адам тегін пайдалана алады. Аумағы 852 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратта коворкинг пен демалыс аймақтары, тифлология кабинеті (көру қабілеті төмен жандарға гаджеттермен жұмыс істеуді үйрету), Брайль кабинеті, қазақ және орыс тілдеріндегі аудиожазбалар, сондай-ақ 40 000 бірегей кітап бар.

Кітапхана зағип жандардың барлық залдарға еркін кіруі үшін арнайы тұтқалармен жабдықталған.

Жалпы құны 410 млн теңге болатын жобаны Қор компаниялары тобының Бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust жүзеге асырды.

Соңғы 5 жылда Samruk-Kazyna Trust Абай облысында жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 14 әлеуметтік жобаны іске асырды.

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: