Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанада Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет «Самұрық-Қазына» қоры Қытайдың ішкі нарығына шығарған панда-облигацияларының салтанатты листинг рәсімі өтті.
Көлемі 3 млрд юань, айналым мерзімі 3 жылды құрайтын дебюттік облигацияларды шығару рекордтық төмен кірістілікпен — жылдық 2,18% деңгейінде орналастырылды.
Бұл қытайлық институционалдық инвесторлардың жоғары сенім білдіретінін (қордың кредиттік рейтингтері – дербес рейтинг деңгейінде) көрсетеді және эмитенттің жоғары кредиттік сапасын растайды.
Аталған мәміле өңірдегі маңызды атаулы оқиғаға айналды:
- Қытайдың ішкі қарыз нарығына тікелей қатысу мүмкіндігі пайда болды
- капитал нарығын дамытуда жаңа кезеңге жол ашты
- халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері кеңейтілді
Рәсімге «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, халықаралық қаржы институттарының өкілдері, жетекші андеррайтерлер мен мәміле серіктестері, соның ішінде Bank of China, China International Capital Corporation, China Construction Bank, Deutsche Bank (China) өкілдері, сондай-ақ заң кеңесшілері қатысты.
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов: «Бұл – жаһандық капитал нарықтарына қатысу жолындағы маңызды қадам — біз алғаш рет Қытайдың ішкі нарығына шықтық. Облигацияларды орналастыру инвесторлардың қорға, оның қаржылық тұрақтылығына деген сенімдерінің жоғары екенін көрсетті», – деді.
Жақыпов қаражат «Самұрық-Қазына» тобының негізгі инвестициялық жобаларын іске асыруға бағытталатынын айтты.
Салтанатты шара соңында Astana International Exchange алаңында сауданы іске қосу рәсімі өтті: іс-шараға қатысушылар сауданың басталғанын білдіретін батырманы басып, биржадағы панда-облигациялардың айналымын ресми түрде ашты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
10 апреля 15:25
Доссорда тағы бір маңызды әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді