Главная Новости «Самұрық-Қазына» АҚ 2024 жылы мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді
21 қараша 2024, 09:15 95

«Самұрық-Қазына» АҚ 2024 жылы мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді

«Самұрық-Қазына» АҚ 2024 жылы мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді

Қор 53,5 трлн теңгеден астам сомаға 130 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

2024 жылы Қор мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді.

Оның ішінде: 

  • Дивиденд ретінде мемлекет бюджетіне 579 млрд теңге;
  • Үкіметтің тапсырмасы аясында әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 228 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат медициналық орталықтар, әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер құрылысына және басқа да әлеуметтік жобаларға жұмсалды. 
  • Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, елді мекендерді газдандыруға 105 млрд теңге;
  • Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру үшін 272 млрд теңге;
  • Қайырымдылыққа 10 млрд теңге (қайырымдылыққа жыл сайын бөлінетін сома);
  • Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 22 млрд теңге бөлді.
  • 50 млрд теңге «Қазақстан халқына» ҚҚ-на аударылады. 

Бұған дейін дивидендтерді төлеу және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру бойынша қабылданған шешімдерді ескере отырып, Қордың 2023 жылғы қаржылық есебін бекіту туралы Үкімет шешімі шеңберінде қосымша дивидендтер төлеу қарастырылмаған.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ 53,5 трлн теңгеден астам сомаға 130 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: