Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары арасында өтетін дәстүрлі Спартакиада биыл да жалғасын таппақ. Ол ІХ рет Астанада өтеді.
Спорт додасына бүкіл республика аумағынан 16 құрама командаға топтасқан 1000-нан аса адам қатысады деп күтілуде. Бұл сайыс қызметкерлерге өздерінің шеберлігін, күш-жігерін, шымырлығын және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік ұсынады. Спортты жанына серік еткен жандар 2024 жылдың 22-24 қарашасында, Астана қаласындағы Назарбаев университеті Атлетика орталығында бас қосып, 11 спорт түрінен бақ сынайды. Олар: футзал, баскетбол, волейбол, арқантартыс, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, жүзу және киберспорт.
Спорт мерекесінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері тек жарысып қана қоймай, қайырымдылыққа да үлес қоспақ. Кеш барысында жиналған қаражат мектептерде инклюзивті кабинеттер ашуға бағытталады. Сонымен қатар шара аясында қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірмек.
Ұйымдастырушылар барлық жанкүйерлер мен көрермендерді «Спортқа «ИӘ» де!» ұранымен өтетін осы ерекше жарысқа белсенді атсалысып, әріптестерін қолдап, шынайы бәсекелестік көңіл-күйін сезінуге шақырады. Корпоративтік рухта бірігіп, ұмытылмас кештің бір бөлшегі болу мүмкіндігі туып тұр. Қатысушыларды тіркеу үшін spartakiadask.kz сайты жұмыс істеп тұр.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
107
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
305
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
149
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету