Главная Новости «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық жобаларға баса көңіл бөледі
09 қараша 2023, 08:30 873

«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық жобаларға баса көңіл бөледі

«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық жобаларға баса көңіл бөледі

«Жетімсіз Қазақстан» – «Samruk-Kazyna Trust» пен «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорларының бірлескен әлеуметтік жобасы.

Жобаның басты мақсаты – еліміздегі жетім балаларды асырап немесе қамқорлыққа, патронаттыққа алғысы келетін отбасыларға көмек көрсету.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын «Жетімсіз Қазақстан» жобасы аясында соңғы бір жылдың ішінде бала асырап алғысы келген 388 отбасыға ұсыныс, тағы 210 отбасыға проблемалық мәселелер бойынша құқықтық сипаттағы кеңестер берілді.

Жетім қалған 16 баланы қамқоршылар бауырына басса, 2 бала патронат отбасына берілді.
Бүгінгі таңда жоба аясында елімізде балаларды асырап алатын кәсіби отбасы институтын енгізу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Одан бөлек, бала асырап алғысы келетіндерге арнайы әзірленген usynovite.kz ақпараттық порталы іске қосылған.

Айта кетейік, қайырымдылық жобаның жалпы құны 10,2 млн теңге.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: