Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» Қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып берді. Іс-шараға спикер ретінде қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де қатысты.
Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтеповтың айтуынша, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын толық қолдайды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» Қоры трансформациялану алдындағы шешуші сәтте тұр. Біз мемлекеттің аса маңызды стратегиялық активтерін басқаратын холдингтен басымды және ғылымды қажетсінетін жобаларға капитал салатын инвестициялық қорға айналуды ниеттенеміз. IPO және активтерді бәсекелес ортаға шығару, осы тұрғыда, Қордың жекешелендіру бағдарламасының аясындағы стратегиялық міндеті болуға тиіс. Бұл ретте Қор мемлекет үшін негізгі салаларда жұмыс істейтін компанияларда мажоритарлық акционер ретінде қатысуын сақтап қалады», - деді Мират Өтепов.
Спикер IPO мүмкіндіктері туралы сөз қозғап, «әрбір қазақстандықтың ҚМГ акцияларын сатып алуға және Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниясының тең иесі болуға мүмкіндігі болатынын» атап өтті. Бұдан басқа, акцияларды иелену компанияның дамуына, ал онымен бірге Қазақстан үшін аса маңызды мұнай-газ саласына ықпал етуге мүмкіндік беретінін ескерді.
Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев қазақстандықтардың IPO-ға қатысуы табыс көзінің балама түрі бола алатынын, алайда мұндай жағдайда инвестициялаудың перспективада жұмыс жасайтынын ескеру керектігін түсіндіріп өтті.
«Акциялар бойынша кірістерді акциялардың иесі ретінде дивиденд түрінде де, оларды сату кезіндегі акция құнының өсуі түрінде де алуға болады. Алайда, компанияның нәтижелеріне байланысты дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін және қолайсыз факторлардың әсерінен акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Акцияларға салым салу ұзақ мерзімді перспективада кірістілік алуды жоспарлай отырып, түрлі тәуекелдерді ескере отырып жасалуы керек», - деп атап өтті Дәурен Қарабаев.
Осылайша, кездесуге қатысушылар баламалы табыс көзі ретіндегі IPO механизмдері туралы білді. Еске саларлық, дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.
IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы