Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Түсіндіру науқаны басталғалы бері 50-ден астам кездесу ұйымдастырылды.
Батыс өңірлердегі жұмыс тобының мүшесі, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов Қазақстан халқы үшін маңызды жобаларды жұртшылықтың ортасына барып түсіндіріп, адамдармен бетпе-бет пікір алмасудың маңызы жөнінде баяндады.
«Қазір ақпарат таратудың сан түрлі тәсілі бар. Телеарна, баспасөз, интернет сайттар, бұл қатарды толықтырған әлеуметтік желілер, оның ішінде Tiktok, Reels кеңінен қолданылады. Әрине, WhatsApp арқылы жылдам ақпарат тарату да – ұтымды шешім. Алайда маңызды жобалар бойынша жұртшылықтың ортасына барып түсіндіріп, бетпе-бет пікір алмасып, сұрақтарына жауап берудің жөні бөлек», – деп жазды Елдос Өмірзақов.

Құрамына «Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайгаз» компаниясы және KASE, AIX сынды қаржы ұйымдарының өкілдері кірген жұмыс тобы бірнеше күннен бері Қазақстанның барлық өңірінде Қор компанияларын жекешелендіру бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аз күн ішінде 50-ден астам кездесу ұйымдастырылды.
Түсіндіру науқаны әлі екі аптадан астам уақытқа созылады. Негізгі мақсат – 100 мыңға жуық адаммен кездесіп, Халықтық IPO бағдарламасының қалай жүзеге асатынын түсіндіру.

«Қаржы алаяқтары ҚазМұнайГаз акцияларының IPO-ға шығатынын пайдаланып, сан түрлі қауесет таратып жатыр. Жалған ақпарат жарға жықпай тұрғанда, халықпен жүзбе-жүз кездесіп, мәселенің ақ-қарасы дер кезінде түсіндірілгені маңызды. Бұл орайда бағдарлама туралы шынайы ақпаратты Ipo.sk.kz арнайы сайтынан және Samruk-Kazyna official телеграм каналынан алуға шақырамын», – деді Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының басшысы.
Қазіргі таңда жұмыс тобы Атырау облысында кездесулер өткізіп жатыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
61
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби