Главная Новости «Самұрық-Қазына» басшылығы Бакуде энергетика бойынша маңызды құжаттарға қол қойды
13 қараша 2024, 10:25 410

«Самұрық-Қазына» басшылығы Бакуде энергетика бойынша маңызды құжаттарға қол қойды

«Самұрық-Қазына» басшылығы Бакуде энергетика бойынша маңызды құжаттарға қол қойды

Нұрлан Жақыпов Жамбыл облысында жел электр станциясын салу жобасы бойынша ҚР үкіметі мен Abu Dhabi Future Energy Company PJSC (Masdar) арасындағы инвестициялық келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

Климаттың өзгеруіне арналған СОР-29 ауқымды конференциясы аясында «Самұрық-Қазына» энергетика саласында бірнеше құжатқа қол қойды.

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Жамбыл облысында жел электр станциясын салу жобасы бойынша ҚР үкіметі мен Abu Dhabi Future Energy Company PJSC (Masdar) арасындағы инвестициялық келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

«Самұрық-Қазына» өзінің портфельдік компаниясы «Самұрық-Энерго» арқылы стратегиялық серіктесі Masdar-мен бірге жұмыс істеп келеді. Тараптар қуаты 1 ГВт болатын, энергия сақтау жүйесі бар жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» және China Energy Overseas Investment Co., Ltd. басшылары Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясы мен Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобалары бойынша акционерлік келісімге қол қойды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: