Главная Новости «Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстаннан шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссияға мүше болды
08 маусым 2022, 14:15 1038

«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстаннан шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссияға мүше болды

«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстаннан шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссияға мүше болды

Комиссияға бас прокурор төрағалық етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы жарлығының толық мәтіні жарияланды. 

Президент елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға қаулы етті.

Комиссия құрамы келесідей бекітілді:

  • Бас прокурор, төраға;
  • Бас прокурордың орынбасары, төрағаның орынбасары;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
  • Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі;
  • "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
  • Ішкі істер министрі;
  • Әділет министрі.

Ведомствоаралық комиссияға бір апта мерзімде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын президенттің қарауына енгізу тапсырылды.

Бұдан басқа, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы есеп береді. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: