Главная Новости «Самұрық-Қазына» басшысы Tecnicas Reunidas компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті
07 апреля 2026, 12:42 51

«Самұрық-Қазына» басшысы Tecnicas Reunidas компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Tecnicas Reunidas компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Tecnicas Reunidas компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Лиадомен полиэтилен өндіру жөніндегі стратегиялық жобаны іске асырудың ағымдағы жайын талқылады.

Полиэтилен жобасы ішкі және сыртқы нарықтарға арналған полиэтилен өндіретін заманауи газ-химия кешенін құруға бағытталған. Бұл – қордың флагмандық бастамаларының бірі әрі ел экономикасы үшін стратегиялық маңызды жоба.

Кешенді 2028 жылдың соңында іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын сұранысқа ие полиэтиленнің 20-дан астам түрін, оның ішінде жоғары тығыздықтағы полиэтилен (HDPE) мен тығыздығы төмен желілік полиэтиленді (LLDPE) өндірмек.

Өнімнің шамамен 40%-ын премиум санаттағы тауарлар құрайды. Өндіріс көлемі әлемдік деңгейдің шамамен 1%-ына жетеді деп күтілуде, ал зауыт ауқымы мен технологиялық жабдықталуы жағынан әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі болмақ.

Tecnicas Reunidas – құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын халықаралық EPC-компания. Ол 60-тан астам елде 1000-нан астам өнеркәсіптік нысанды жобалап, олардың құрылысына жетекшілік еткен.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: