Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылғы жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» АҚ 2031 жылға қарай парниктік газдардың шығарылымын 10%-ға азайтуды және 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу міндеттерін айқындайтын төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлейді. Бұл туралы брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең-басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов мәлімдеді.
Қордың өкілі «Самұрық-Қазына» АҚ 2022-2031 ж.ж. арналған Стратегиясы жөніндегі толымды ақпарат берді. Құжатқа сәйкес Қордың миссиясы – Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін активтерді тиімді басқару арқылы олардың ұзақмерзімді құндылығын арттырып, экономиканың тұрақты дамуын ынталандыру.
Ернат Бердіғұловтың сөзінше, қазіргі таңда Қор Қазақстан Республикасының ішкі нарығында инвестициялар тартуға басымдық беріп отыр. Олар жаңа жұмыс орныдарын құруға, жаңа технологияларды енгізуге, ұзақмерзімді құндылықты арттыруға бағытталады. «Біз жаңа өнеркәсіптерді іске қосып, шикізаттық емес тауарлар өндірісін екі есеге арттыру міндетін қойып отырмыз. Қазіргі таңда газбен, сумен қамтамасыз ету, көлік және энеригетика салаларындағы 11 басымдыққа ие инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеттік», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең-басқарушы директоры.
Журналистердің сауалдарына жауап берген Ернат Бердіғұлов таяуда өткен СОР26 клирматтық саммит туралы пікірін білдірді. Соның ішінде «Самұрық-Қазына» үшін тұрақты даму саласындағы маңызды аспектілерді тілге тиек етті: «Ең бастысы, біз парниктік газдардың шығарылымын азайту жоспарын ойдағйдай орындап келеміз. Жаһандық деңгейде энергоауысу теңгерімді әрі біртіндеп жүргізілуі шарт екенін бәрі ұғып отыр».
Қазіргі таңда, Қазақстанда өндірілетін электрқуатының 70% көмір жағу арқылы алынады. Еліміздегі газ, көмір және электрқуатының тарифтері өте төмен болғандықтан, Қазақстан экономикасы дүниежүзіндже энергияны тұтыну көлемі бойынша 12-ші орында, ал көміртекті тұтыну бойынша 5-ші орынға табан тіреді. «Самұрық-Қазынаның» өкілі атап өткеніндей, көмір жағуды біртіндеп азайту қажет. Себебі Бұл өнеркәсіптің үлкен саласына және халықтың үлкен бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерін тиігзеді.
«Теңгерімді сақтай отырып, біз «таза» көмір стансаларын салу мәселесін қарастырамыз. Оларда отын ретінде байытылған көмір, Яғни, ауаны ластамайтын технологиялар, соның ішінде көміртекті аулап, сақтау технологиялдары енгізіледі. Мұндай технологиялдарды қазірдің өзінде зерттеп, оларды еліміздің өңірлерінде сынақтан өткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», - дейді Ернат Бердіғұлов.
Мұнымен қоса, Қордың стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең-басқарушы директоры атап өткеніндей – жаңа климаттық күн тәртібі Қор үшін бір жағынан жаңа, күшейтілген талап қойса, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Декарбонизация жөніндегі іс-шаралар активтердің ұзақмерзімді құндылығын арттыра түсіп, олардың ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезіндегі инвестициялық тартымдылығын арттырады және қызметкерлерінің қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасын өзгертеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!