Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Пандемиямен күрестің алдыңғы қатарында тұрған медицина қызметкерлерінің еңбегіне алғыс білдіріп, оларға қолынан келгенше қолдау көрсетіп жатқандардың саны шексіз.
«Самұрық-Қазына» қорының еріктілері де «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына қосылып, бұл күндері еліміздің медициналық ұйымдарына қажетті қорғаныс костюмдер мен медициналық маска және ауыз суын таратуда. Мұндай көмек бүгінде елордадағы №8 емханасы мен Орталық жол ауруханасына, сондай-ақ Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясына жеткізілді.

«Дәрігерлер коронавирусты жұқтырғандардың өмірі үшін бес ай бойы күресуде. Бұл күндері оларға үлкен ауыртпашылық түсіп отыр. Акцияға қатыса отырып, біз дәрігерлерге қолайлы жағдай жасап, осы қиын кезде қолдау көрсеткіміз келді», – деп атап өтті Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.
Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Айларбек Шыршықбаев әріптестерінің атынан дәрігерлердің еңбегін бағалап, көмек көрсеткен еріктілерге ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, SK Volunteer волонтерлер лигасы «Волонтер жылында» құрылды және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы http://volunteer.sknews.kz/ сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.
Қор тобында волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor - мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.
Естеріңізге сала кетсек, жақында Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Аталған құжат аясында Қор 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қордың ішкі резервтерінен Нұр-Сұлтан және Алматы қаладарында инфекциялық аурулардың алдын алу мен бақылаумен айналысатын екі заманауи медициналық орталық құрылысына қаржы бөленеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы