Главная Новости «Самұрық-Қазына» Жамбыл облысының қарттарына арналған әлеуметтік нысанды ашты
17 декабря 2025, 12:12 53

«Самұрық-Қазына» Жамбыл облысының қарттарына арналған әлеуметтік нысанды ашты

«Самұрық-Қазына» Жамбыл облысының қарттарына арналған әлеуметтік нысанды ашты

Таразда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының атынан қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Trust» қоры ашқан жаңа әлеуметтік нысан өз жұмысын бастады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің өмір сапасын арттыруға және егде жастағы адамдарды қолдауға бағытталған. Үш қабатты ғимарат 200-ге жуық адамды қабылдай алады.

Орталықта қариялар денсаулыққа қатысты кеңес, психологиялық қолдау алып, түрлі курстан өтіп, үйірмелерге қатыса алады. Уақытты жайлы өткізу үшін фитокабинет, тұз бөлмесі, йога мен би залдары, спорт залы, қолөнер және музыка кабинеттері, бассейн, монша және басқа да бөлмелер қарастырылған.

Мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Samruk-Kazyna Trust» қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нариман Мелдебек қатысты.

Кешеннің құрылысына 249 млн теңге бөлінді. Нысанды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті «Жамбыл Даму» қоры атсалысты.
 

									<div class=

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: