Главная Новости «Самұрық-Қазына» инклюзияны дамыту аясында ел бойынша 59 нысан салды
10 қаңтар 2025, 10:20 92

«Самұрық-Қазына» инклюзияны дамыту аясында ел бойынша 59 нысан салды

«Самұрық-Қазына» инклюзияны дамыту аясында ел бойынша 59 нысан салды

Инклюзияны дамыту – «Самұрық-Қазынаның» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің басым бағыттарының бірі.

Қордың Samruk Kazyna Trust арқылы Қазақстан өңірлерінде ашқан нысандары:

  • Ерте араласу орталықтары, мұнда жаңа туған нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетіледі. Бұл орталықтарда мамандар дамуы тежелген балаларға алғашқы қадам жасауға, сөйлеп үйренуге көмектеседі;
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға арналған оңалту орталықтары. Балалар мен ересектерге негізінен тірек-қимыл аппараты ауруларына кешенді оңалту көмегі көрсетіледі;
  • Аутизмі бар балаларға арналған орталықтар. Мұндай диагнозы бар балаларға медициналық және психотерапиялық көмек арқылы ортаға бейімделіп, өздігінен өмір сүруі үшін көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, оқуында қиыншылықтары бар балалардың өз қатарластарымен бірге білім алуы үшін мектептерде 14 инклюзия кабинеті ашылды.

Картада соңғы бірнеше жылда іске қосылған 59 нысан көрсетілген. Бұл орталықтарда жалпы саны 30 мыңнан астам бала мен мүгедектігі бар адамдар оңалтудан өтуде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: