Главная Новости «Самұрық-Қазына» Қазақстан-Корея бизнес-форумын ұйымдастырды
15 шілде 2022, 14:59 1540

«Самұрық-Қазына» Қазақстан-Корея бизнес-форумын ұйымдастырды

«Самұрық-Қазына» Қазақстан-Корея бизнес-форумын ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу құрметіне орай онлайн режимде бизнес-форум өткізілді.

Форумның мақсаты – екі ел арасында экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту.   Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының, Корея мен Қазақстанның іскерлік топтарының, құзыретті органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ бизнес-форумның ашылуында сөйлеген сөзінде, бүгінгі таңда Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық ынтымақтастық жалпы сомасы 4,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 49 жобаны қамтитынын, оның ішінде 2,5 млрд АҚШ доллары сомасына 24 жоба іске асырылғанын, 680 млн АҚШ долларын құрайтын 12 жоба  және жалпы сомасы 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 перспективалық жоба іске асырылу сатысында екенін атап өтті. 

«Біз Қазақстан-Корея ынтымақтастығын дамытуға мүдделіміз және Корея іскерлік қоғамдастығына тау-кен секторы, ақпараттық технологиялар және цифрландыру, мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика сияқты перспективалық бағыттарда инвестициялық серіктестік жасауды ұсынамыз», – деп атап өтті Ернар Жанәділ.

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры Сәкен Әбілмәжінов, өз кезегінде, ынтымақтастықтың перспективалық мүмкіндіктерін беретін инвестициялық жобаларды ұсынды.

«Біз мақсатты көлемі 200 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық қордың іске қосылуын қарастырып жатырмыз. Инвестициялар географиясы негізінен Қазақстанға (75%) бағытталған, оның азық-түлік өнімдерінің қосылған құнының тұрақты тізбегін құратын ауыл шаруашылығы әлеуеті айтарлықтай. Сондай-ақ Қостанай облысында жалпы сомасы 50,3 млн доллар болатын кремний карбиді өндірісін құру жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Сәкен Әбілмәжінов.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Инвестициялар департаментінің директоры Данияр Мырзахметов атап өткендей, геологиялық барлауда юниорлар көш бастап тұр – бұл салыстырмалы түрде алғанда, әкімшілік шығындары аз, капиталдандырылуы төмен, шешімдер қабылдау жылдамдығы жоғары, нарықтық икемділігі жоғары, бірақ көбінесе өз қаражатының тапшылығын сезінетін шағын компаниялар.

«Дәл осындай компаниялар үшін қоғам «Юниордан чемпионға дейін» арнайы бағдарламасын әзірледі, оған сәйкес қаржылық, маркетингтік және сараптамалық қолдау ұсынылады. Қаржыландыру өз қаражаты немесе Қоғамның стратегиялық әріптестерінің капиталы есебінен жүзеге асырылуы мүмкін, таңдау жобаны іске асыру шарттарына байланысты болады», – деп сөзін түйіндеді Данияр Мырзахметов.

Бизнес-форумда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның фармацевтикалық нарығына да назар аударылды. «СК-Фармация» Басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев өз сөзінде, Қазақстан құрлықтың 14%-дан астамын алып жатқан және халқы 180 миллионнан асатын Еуразиялық одаққа қатысушы елдерге өндірілетін өнімді экспорттау үшін тиімді алаң болып табылатынын атап өтті.

«Биыл маусым айында біздің бастамамызбен қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары болды, оның шеңберінде 40-тан астам фармацевтикалық компаниямен дөңгелек үстел өткізілді, Неонатологияға арналған медициналық бұйымдар, ультрадыбыстық диагностика аппараттар, рентгенологиялық жабдықтар, ПТР-тесттерге арналған реагенттер, маммография және басқаларға арналған өндірісті Қазақстанда орналастыруға арналған 5 меморандумға қол қойылды», – деп сөзін қорытындылады Ерхат Есқалиев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Корея капиталы бар 550-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтеміз, олардың ішінде Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорациялар бар. 
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: