Главная Новости «Самұрық-Қазына» қоғамдық бақылауға жаңа инвестициялық жобаларды ұсынды
25 қараша 2022, 16:25 867

«Самұрық-Қазына» қоғамдық бақылауға жаңа инвестициялық жобаларды ұсынды

«Самұрық-Қазына» қоғамдық бақылауға жаңа инвестициялық жобаларды ұсынды

Жақында Қор Қазақстан өңірлеріндегі басым жобалардың екінші пакетін жасады. Тізімге құны 13 триллион теңгеден асатын 18 бастама енгізілген, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Инвестициялар жөніндегі штабы бекітіліп үлгерді. Бұл жобалар Қазақстанның мұнай-газ, энергетика, теміржол және телекоммуникация жүйелерін жедел жаңғыртуға бағытталған. Олар елеулі инвестицияларды талап етеді, бірнеше жылға есептелген және ұзақ мерзімді экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуі жоспарлануда. Сондықтан олардың орындалуына стратегиялық холдинг ретінде «Самұрық-Қазына» жауапты. Бүгін Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов аталған жобаларды таныстырды. Сарапшылар, саясаткерлер мен қоғам белсенділері тізімге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

«Самұрық-Қазына» қоры Атырау маңында жаңа мұнай және газ өңдеу зауыттарын салады

Олар Қордың басым жобаларының екінші пакетіне енді. Олардың мақсаты – қазақстандық көмірсутектерге қосылған қосымша құнын жасау.

Атыраудан 43 шақырым жердегі Қарабатан учаскесіндегі Теңіз кен орнында өндірілген бутаннан бутадиен, изобутан-изобутилен фракциясы, синтетикалық каучук, метил-терт-бутил эфирі алынады. Бұл резеңке, шина, желім, пластмасса, жол төсемі, бензин өндіруге арналған бағалы қосылыстар.

Сондай-ақ Атырау облысында қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен шығаратын зауыт 7,5 миллиард АҚШ долларына салынбақ.

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанда электр энергиясын өндірудің барлық түрін дамытуды қолдайды

Қордың екінші басым жобалар топтамасындағы 18 бастаманың жетеуі электр энергиясын өндіруге қатысты. Қазақстанда энергия тапшылығының алдын алу үшін «Самұрық-Қазына» қоры еліміздегі энергияның барлық түрін: газ, көмір, ядролық және жаңартылатын түрін дамытуды жоспарлап отыр

Екібастұзда ГРЭС-2-де әрқайсысының қуаты 636 МВт көмірмен жұмыс істейтін екі жаңа энергоблок іске қосылады. Сондай-ақ жалпы қуаты 1100 МВт болатын таза көмір технологиясына негізделген екі энергоблоктан жаңа МАЭС-3 салынады.

Түркістан облысында қуаттылығы 858 МВт болатын екінші газ электр станциясы құрылады. Қуаттылығы 1000 МВт бірінші станция басым жобалардың бірінші пакетіне енді.

Алматы облысының Үлкен ауылында қуаты 2800 МВт-қа дейін жететін атом электр станциясы салынады. Құрылыс мердігері мен технология жеткізушісін таңдау жалғасуда.

Сондай-ақ әрқайсысының қуаты 1 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясын құру жоспарлануда: бірі француздық Total Eren компаниясымен, екіншісі Saudi ACWA Power компаниясымен. Бұл Қазақстандағы жаңартылатын генерацияның қуатын екі есеге арттырады.

«Самұрық-Қазына» қоры Қытай мен Өзбекстанға жаңа темір жол желілерін салады

Аягөз станциясынан (Абай ауданы) Қытаймен шекаралас Бақты пунктіне дейін жаңа темір жолы салынады. Бұл Қазақстан мен Қытай арасында үшінші темір жол өткелін құруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның оңтүстігіндегі Дарбаза станциясынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Өзбекстанмен шекараға дейін жаңа темір жол салынады. Бұл Ташкентті айналып өтетін жүктерді жеткізуге және Сарыағаш станциясы маңындағы қолданыстағы темір жол өткелінің жүктемесін түсіруге мүмкіндік береді.

Алматы темір жол торабын 40 пайызға жеңілдетіп, жүк тасымалдауды жеделдету үшін Алматының айналасында жаңа айналма жол салынады. Бұл жобалардың барлығы еуразиялық көлік-логистикалық хаб ретінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.

«Самұрық-Қазына» «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының инвестициясының жаңа басымдықтарын анықтады: 5G және жаңа байланыс бағыттары

Қордың басым жобаларының тізіміне телекоммуникация саласындағы екі маңызды стратегиялық бастама енгізілді.

Қазақстанның телекоммуникация инфрақұрылымын шетелдік серіктестермен байланыстыратын жаңа бағыттарды ұйымдастыру үшін Каспий теңізінің түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс арнасын тарту жоспарлануда. Жаңа оптикалық жүйе Қазақстанға халықаралық интернет-трафик алмасу нүктелеріне қосылуға және Еуропа мен Азия арасындағы байланыс арналарының транзиттік өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom жобаны қалыптастыру мен бірлескен қатысу механизмін пысықтауда.

Екінші бастама – Қазақстанда 5G технологиясын енгізу. 2022 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2022 жылдың желтоқсанында өтеді деп жоспарланған 5G технологиясын енгізу үшін радиожиіліктерге (RFS) аукцион жариялады. «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін байланыс операторлары РФС аукционына қатысуды жоспарлап отыр. Ашық аукцион әдісімен жиіліктерді алу кезінде компаниялар аукционда көзделген міндеттемелерге сәйкес бірінші кезеңде 5G желілерін Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және одан әрі аукцион шарттарына байланысты еліміздің барлық облыс орталығында орналастыруды жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: