Главная Новости «Самұрық-Қазына» қолдауымен Маңғыстауда 1000-нан астам әйел STEM бағытында білім алады
18 июня 2026, 17:21 59

«Самұрық-Қазына» қолдауымен Маңғыстауда 1000-нан астам әйел STEM бағытында білім алады

«Самұрық-Қазына» қолдауымен Маңғыстауда 1000-нан астам әйел STEM бағытында білім алады

Маңғыстау облысында STEM Hanym білім беру жобасы басталады. Жоба аясында 1000-нан астам педагог әйелге робот техникасы және заманауи STEM бағыттары бойынша тегін білім беріледі.
 

Жобаны Samruk-Kazyna Trust қоры ExxonMobil компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады. Мақсаты – STEM саласындағы әйелдердің рөлін арттыру, өңірлерде инженерлік білім беруді дамыту және робот техникасы бойынша тәлімгерлердің жаңа буынын даярлау.❗️

Жоба Ақтау және Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Шетпе, Бейнеу және Құрық ауылдарын қамтиды. Оқу шілде айында басталмақ. Қатысуға ниетті азаматтар сайтта өтінім бере алады. Практикалық сабақтар тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен жергілікті мекемелерде өткізіледі.

Бағдарлама педагогтерге, педагогикалық мамандықтарда оқитын студент қыздарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар әйелдерге арналған.

 

Қатысушылар 3D-модельдеу, робот техникасы, жасанды интеллект және инженерлік ойлау негіздерін меңгеріп, командалық жұмыс дағдыларын игереді, сондай-ақ оқушыларды халықаралық технологиялық жарыстарға дайындауды үйренеді. Жоба қорытындысы бойынша 300-ден астам әйел сертификатталған STEM-жаттықтырушы атанады.

2025 жылы жоба Атырау облысында жүзеге асырылды. Оның түлектері мектептерде робот техникасы үйірмелерін ашып, оқушыларымен бірге Қазақстан атынан республикалық және халықаралық жарыстарға, соның ішінде Хьюстон қаласында өткен FIRST Championship робот техникасы бойынша әлем чемпионатына қатысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: