Главная Новости «Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды
19 августа 2026, 11:14 46

«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін Qazaq Independent Directors қауымдастығының марапатына ие болды.

Қауымдастық 2007 жылдан бері тәуелсіз директорлар институтын дамытуға және Қазақстандағы корпоративтік басқаруды жетілдіруге ықпал етіп келеді.

Марапат «Самұрық-Қазынада» өткен «Қор тобындағы корпоративтік басқаруды дамыту: тәжірибелер, басымдықтар, ЖИ енгізу» семинары аясында табысталды. Семинарға қатысушылар Директорлар кеңестері мен корпоративтік хатшылардың жұмысына қатысты заманауи тәсілдерді, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруды және корпоративтік басқаруда жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады.

Қордың портфельдік компанияларының Директорлар кеңесінің мүшелері мен корпоративтік хатшылары тәжірибелік кейстермен бөлісті. Директорлар кеңестерінің қызметін бағалауға арналған ЖИ-агентке – осындай бағалаудың әділдігін, сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құралға ерекше назар аударылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: