Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылық қолдауымен Алматы облысында ашылған «All Ability Camp» инклюзивті спорттық лагерінің 4-ші маусымы басталды. Лагерь жұмысының басты нәтижесі – еліміздің әр өңірінен келген балалардың бірқатары паралимпиадалық спорт түрлері бойынша құрама қатарына қосылып жатыр.
Инклюзивті лагерьде ерекше балалар бочча, спидбол, футбол, корнхол және садақ ату сияқты бейімдеу және паралимпиадалық спорт түрлерінен жаттығады. Психологтар мен еріктілер әлеуметтік ортаға бейімдеу бойынша тренингтер мен ойындар өткізеді. Сонымен бірге ата-аналар үшін психологиялық көмек және жеке консультациялар жүргізіледі.
«Мүмкіндігі шектеулі балалар жастайынан қоғамнан шет қалып жатады. Лагерьді айтпағанда түрлі секциялар да қолжетімсіз. Сондықтан осы инклюзивті лагерь балалардың психологиялық кедергілерін жойып, қоғамда бейімделуіне мүмкіндік ашады», – дейді «ДЦП Life» қорының директоры Зәуре Итенова.

«All Ability Camp» лагерінің соңғы маусымына Қазақстанның әр өңірінен 50 ерекше бала мен олардың ата-аналары келді. Олардың тең жартысы «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниялары қызметкерлерінің балалары.
«ДЦП Life» қоры ұйымдастырған «All Ability Camp» спорттық әрі инклюзивті лагері биыл жұмысын 19 маусымда бастаған. Жоба аясында 5 айдың ішінде еліміздің түрлі аймағынан 200 бала мен 200 ата-ана тегін демалды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
64
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы