Главная Новости «Самұрық-Қазына» StopFakeIPO жобасын іске қосты
17 қыркүйек 2022, 08:56 790

«Самұрық-Қазына» StopFakeIPO жобасын іске қосты

«Самұрық-Қазына» StopFakeIPO жобасын іске қосты

StopFakeIPO – IPO тақырыбын пайдаланып, азаматтарды алдаумен айналысатын алаяқтардың қызметіне қарсыласу мақсатында жасалған «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасы.

Аталған жоба материалдарынан сіз IPO-ға қатысудың нақты мүмкіндіктері мен алаяқтарды қалай танып, олардың құрбаны болмау туралы ресми сенімді ақпаратты таба аласыздар.

StopFakeIPO жобасы төрт интернет-ресурста ұсынылған:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO туралы материалдарды жариялаған сәттен бастап алаяқтар жекешелендіру және IPO тақырыбында азаматтарды алдай отырып, белсенді жарнамалық науқан жүргізіп келеді. Алаяқтар ресми ресурстарға ұқсас сайттар мен мобильді қосымшаларды жасап, «ҚазМұнайГаз» атауын, логотиптерін, ҚР Президенті мен ұлттық компаниялар басшыларының фотосуреттерін пайдаланады.

Алаяқтар қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына инвестиция салуды ұсынып, мұнай мен газды сатудан тез пайда табуға уәде береді. Бұл алдау. Тез және 100% пайда туралы уәделерге сенбеңіздер.

Есіңізде болсын, акцияларға қаражат салу — бұл болашаққа арналған инвестиция. Ешкім нарықтың нақты мінез-құлқын болжай алмайды, сондықтан қор нарығында ақша табуға да, инвестицияны жоғалтуға да болады. Тез пайда табуға уәде беру – алаяқтықтың белгісі.

Іс жүзінде барлық алаяқтық ресурстар халықаралық домендік аймақтарда (мысалы, .com) құрылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылады.

Алаяқтыққа қарсы басты құрал – қазақстандықтардың жекешелендіру және IPO туралы шынайы ақпаратты қайдан табуға болатыны туралы хабардар болуы. Нақты ақпарат «Самұрық-Қазына» АҚ www.sk.kz және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ www.kmg.kz сайттарында қолжетімді, сондай-ақ Қордың және ҚМГ-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарық көреді.

StopFakeIPO жобасы алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимылға байланысты маңызды жаңалықтар жайында және 2022 жылы өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO барысы туралы хабардар ететін болады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын бастапқы орналастыру AIX және KASE алаңдарында жүргізіледі. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бірлесіп, қазақстандық жетекші инвестициялық банктерді жобаға тартты.

Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторлардың барынша көп санын қамтуды жоспарлап отыр.

Акцияларды әртүрлі тәсілдермен сатып алуға болады: ол үшін Қазпоштаның, биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын, сондай-ақ Tabys ресми мобильді қосымшасын пайдалану жоспарлануда.

Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ алаяқтық мақсаттарда пайдаланылатын жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін «Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендіру бағдарламасы мен IPO-ның мамандандырылған IPO.SK.KZ интернет-ресурсын іске қосты.

Сайт «Самұрық-Қазына» Қорының бағдарламасы туралы ресми және өзекті деректерді үш тілде ұсынады, навигация бағдарламаның соңғы жаңалықтарынан, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарынан және «Самұрық-Қазына» бренді мен оның портфельдік компанияларын пайдаланатын интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары туралы ақпараттан тұрады.

«Самұрық-Қазына» АҚ азаматтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Сұрақтар мен ұсыныстарды келесі поштаға жіберуге болады: stopfakeipo@sk.kz

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: