Главная Новости «Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобалары үздік деп танылды
24 февраля 2026, 14:11 77

«Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобалары үздік деп танылды

«Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобалары үздік деп танылды

Самұрық-Қазына қорының инклюзия және білім беру бағытындағы жобалары қоғаммен байланыс саласындағы XIII қазақстандық «Ақ Мерген» сыйлығының лауреаты атанды.

 

Байқауға барлығы 26 компания мен Қор қатысып, сегіз номинация бойынша 30 жоба ұсынылды. Қордың «Шексіз мүмкіндіктер» атты спорттық-инклюзивті лагерь жобасы «Қайырымдылық» номинациясы бойынша I орынды иеленсе, «Stem Hanym» жобасы «Әлеуметтік және қоғамдық бағдарламалар» номинациясында үздік деп танылды.

Қазылар алқасы жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан нақты үлесін, қол жеткізген нәтижелерін, тиімді коммуникациялық стратегиясын және ұтымды PR-шешімдерін жоғары бағалады.

«Шексіз мүмкіндіктер» инклюзивті лагері жыл сайын 500-ге дейін қатысушыны қамтып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың спорттық дағдыларын дамытуға, өзіне деген сенімін арттыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Сонымен қатар жоба аясында ата-аналарға кәсіби психологиялық және мотивациялық қолдау көрсетіледі. Жобаны Samruk-Kazyna Trust бірыңғай қайырымдылық операторы мен «ДЦП Life» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырды.

Ал «Stem Hanym» жобасы Атырау облысында әйелдердің STEM бағыттарына қатысуын кеңейтуге арналған. Жобаға мыңнан астам әйел педагог қатысып, олардың 300-і сертификатталған STEM-тренер атанды. Бүгінде өңір мектептерінде робототехника үйірмелері ашылып, оқушылардан құралған командалар түрлі жарыстарға қатысып келеді. Жобаны Samruk-Kazyna Trust қоры, ExxonMobil Kazakhstan және USTEM Foundation бірлесіп іске асырды.

Айта кетейік, 2025 жылы «Samruk Marathon» қайырымдылық жобасы да «Ақ Мерген» сыйлығының «Үздік қайырымдылық жобасы» аталымына ие болған болатын.

Қордың аталған бастамалары әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделіп, өңірлердің тұрақты дамуына бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: