Главная Новости «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Жаңаөзенде жаңа медициналық орталық салынды
18 наурыз 2022, 15:43 1702

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Жаңаөзенде жаңа медициналық орталық салынды

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Жаңаөзенде жаңа медициналық орталық салынды

18 наурызда «Самұрық-Қазына» АҚ және Қордың компаниялар тобының өкілдерінен құралған делегация жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына болды. Сапар барысында жұмыс тобы Қордың әлеуметтік серіктестік саясаты аясында Жаңаөзен қаласында бой көтерген жаңа да заманауи медициналық орталықта болды.

2 гектар жер телімінде орналасқан медициналық орталықтың 50 сырқатқа арналған тұрақты емдеу  стационары бар.  Бір ауысымыда 400-450 науқасқа қызмет көрсетуге арналған медициналық орталықта операциялық бөлім, жансақтау бөлімі, жедел жәрдем және жедел жәрдем қызметі  ашылып, тұрғындардың қажеттілігін атқаруда. Емхана аурулардың диагностикасын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жобаның құны 8 миллиард теңгеден астам соманы құрайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов және Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері медициналық орталық-емхананың мүмкіндіктерімен танысып, науқастар мен дәрігерлермен әңгімелесті.

«Қор мен компаниялар тобының басшылығы «Самұрық-Қазына» Қоры жұмыс істейтін өңірлердегі халықтың мұң-мұқтажын үнемі біліп те бақылап отырады және әлеуметтік әріптестік саясаты аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Жаңа емхана Жаңаөзен тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттырып, сапасын жақсартуға арналған», – деді Ғибрат Ауғанов.

Осы күні арнайы делегация  таяуда жаңаөзендіктердің пайдалануына берілген көпфункционалды спорт кешені мен мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді оңалту үшін құрылған «Балақай» оңалту орталығы да барды. «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей қолдауымен балалар орталығының заманауи жобасын жасаған, жүзеге асырған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды.

Соңғы уақытта Әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры Маңғыстау облысында түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда.

Атап өтсек, ауданы 2000 шаршы метрлік 19 әмбебап спорт және ойын алаңдары, аулаларда 10 спорттық жаттығу алаңы жасалды. Жаңаөзен қаласындағы 3 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мұнымен қатар облыстағы 50 орта мектепке спорттық құрал-жабдықтар орнатты, 10 жалпы білім беретін мектепке 130 дербес компьютер жеткізіп, білім беру ұйымдарында компьютерлік сыныпты ұйымдастыруға мүмкіндік берді; есту, көру және интеллектуалдық кемшіліктері бар балаларға арналған 4 мектепке арнайы коррекциялық құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етті.

Үш білім беру мектебінің балаларын тасымалдауға автобус берілді, ал емханалар медициналық көмек көрсетуге арналған 3 реанимобильмен жабдықталды.

Сал ауруымен ауыратын 300 баланы оңалту жұмысы ұйымдастырылды, уақытша баспанаға мұқтаж тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер үшін сенім орталығы ашылды. Алға» мүгедектер клубына 18 түрлі спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартылды.

Уақыт талабына орай төмендегідей оффлайн-онлайн оқу орталығын ашты: компьютерлік және веб-бағдарлама үйрену, интернет-маркетинг, робототехника және ағылшын тілін оқыту; облыстағы жас әлеуметтік кәсіпкерлерге әлеуметтік пайдалы бастамалары үшін 28 грант бөлді; облыстағы мұнай-газ саласының ардагерлеріне көмек көрсетті.

Қордың Жаңаөзен қаласында жүзеге асырып жатқан бастамаларының ішінде мектеп түлектерін қолдауға бағытталған «Зияткер ұрпақ» (жоба әкімшісі – Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы) әлеуметтік жобасына ерекше көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Жоба аясында жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру бағытындағы тестілеу, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағынан қорғауға жататын топтарындағы балаларды ҰБТ-ға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: