Главная Новости «Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ға негізгі инфрақұрылым жобалары бойынша нақты мерзімдер белгіледі
17 апреля 2026, 13:02 40 Нұрболат Аманжол

«Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ға негізгі инфрақұрылым жобалары бойынша нақты мерзімдер белгіледі

«Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ға негізгі инфрақұрылым жобалары бойынша нақты мерзімдер белгіледі

«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР Көлік министрлігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиында Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау барысы талқыланды.

Елдің транзиттік әлеуетін дамыту, көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Кестеден ауытқып жүзеге асырылып жатқан жобаларға ерекше ден қойылды. «Қазақстан темір жолы» басшылығына «Бақты – Аягөз» жобасы бойынша кешіктірілген жұмыстарды қысқа мерзімде орындап, ресурстарды жұмылдыру және 2026 жылғы 1 қарашаға дейін учаскедегі жер қазу жұмыстарын аяқтау туралы тапсырма берілді.

Сондай-ақ, Алматыны айналып өтетін теміржол желісін салу, «Дарбаза – Мақтаарал», «Алтынкөл – Жетіген» учаскелері бойынша жобалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және мемлекетаралық тораптарда тар жерлерді жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

 

«Стратегиялық маңызды жобаларды мерзімінен кешіктіруге болмайды. Жұмыс қарқынын жеделдетіп, басым бағыттарға ресурстарды жұмылдыру қажет», – деді Нұрлан Жақыпов.

Қосымша, 2026 жылы транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу мақсатында коммерциялық жұмысты күшейту және көршілес теміржол әкімшіліктерімен, жүк жөнелтушілермен өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі ескерілді. Қор өкілдері Мемлекет басшысы және Үкімет тапсырмаларының орындалуы ерекше бақылауда екенін айтты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: