Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылға дейінгі жекешелендірудің жоспарына 700-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын енеді. Оның 112-сі «Самұрық-Қазынаның» құрылымына кіреді. Бұл туралы Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумында белгілі болды, деп хабарлайды SKnews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы мемлекет меншігінен шығару жолында нақты жұмыстар істеліп жатқанын атап өтті. Бұл отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тағы бір мүмкіндік. 2025 жылға дейінгі жекешелендірудің жоспарына 700-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын енеді. Оның 112-сі «Самұрық-Қазынаның» құрылымына кіреді.
Президент өз сөзінде мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидатын атады:
Осы ретте Президент жекешендірудің барлық процесінің ашық өтуіне ерекше тоқталды.
«Жекешелендіру мемлекеттік меншікке қатысты болғандықтан азаматтарымыз оның барлық шартын білуге құқылы. Қоғамдық бақылау – жекешелендіру процесінің барлық кезеңінің тиімді әрі ашық өтуінің пәрменді құралы. Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді. Қордың ірі компанияларына қатысты айтсақ, «Халықтық IPO» арқылы жекешелендіру өте өзекті болмақ. Өз қаржысын тиімді пайдаланғысы келетін еліміздің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін иеленуге мүмкіндік алуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.