Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бейжіңде «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов SANY Renewables директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цянмен кездесті. Тараптар Жамбыл облысында жел энергетикасына арналған бөлшектерді локализациялау зауыты бойынша бірлескен жобаның іске асырылу барысын талқылады. Зауыттың техникалық ашылуы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен өткен еді. Жоба ісі сенімді түрде алға басып, алғашқы тапсырыстар да түсті.
Бұл - Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең ірі индустриялық жобалардың бірі. Ол заманауи өндірісті, технологияларды нақты локализациялауды және жетекші халықаралық энергетикалық компаниялар тарапынан расталған коммерциялық тапсырыстарды қамтиды. Зауыттың қуаттылығы — жылына 2 ГВт.
Тараптар жоба бойынша жұмыстардың айтарлықтай ілгері жылжығанын айтып, серіктестікті әрі қарай жалғастыруға дайын екендерін растады.
SANY Renewables — жаңартылатын энергетика жабдықтарын өндіруден әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын SANY Group компаниясының еншілес ұйымы.
Сонымен қатар Нұрлан Жақыпов Бейжіңде Energy China компаниясының басшылығымен кездесті
Кездесуге China Energy Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань және China Energy International Group вице-президенті Синь Цзуни қатысты.
Тараптар «Самұрық-Қазына» қоры мен Energy China арасындағы жаңартылатын энергия көздері мен инфрақұрылым бойынша серіктестік перспективалары мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы жайында сөйлесті. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясы және Қарағанды облысындағы қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы жобаларын талқылады.
Жобалар бойынша жұмыстардың едәуір ілгерілегені және оларды межелі уақытында іске қосу маңызды екені айтылды.
Energy China — көмір өндірісі, жылу энергетикасы, жел энергетикасы, көмір өңдеу және су шаруашылығы саласында жұмыс істейтін әлемдегі ірі компания.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
50
26 января 12:01
В ПГУ Туркестан завершено формирование «газового ядра»