Главная Новости «Самұрық-Қазына» Маңғыстауда 10 жылда 59 жобаны іске қосты
09 апреля 2026, 15:48 42

«Самұрық-Қазына» Маңғыстауда 10 жылда 59 жобаны іске қосты

«Самұрық-Қазына» Маңғыстауда 10 жылда 59 жобаны іске қосты

Жаңаөзенде «Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік нысандары бойынша баспасөз туры өтті. Бүгінде бұл жекелеген жобалар емес, қаладағы ортаны және тұрғындардың өмір сапасын өзгертетін жүйелі жұмысқа айналды. Мәселен, 2021 жылы ашылған «Балақай» оңалту орталығы қазірдің өзінде 1700-ден астам балаға көмектесті. Ондаған бала өз бетінше жүріп, сөйлей бастады.

Сонымен қатар, 2026 жылы қалада «Ainala» орталығы жұмысын бастады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде ауылдан келген балалар да кешенді оңалту қызметін ала алады.


Қала инфрақұрылымы да дамуда. Жаңаөзенде қордың қолдауымен ашылған көпфункционалды спорт кешені жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ жаңа орталық кітапхана салынып жатыр. Жастарды дамытуға ерекше назар аударылуда. «Жарқын болашақ» жобасы аясында жүздеген қатысушыға білім алып, кәсіби тұрғыдан өздерін дамытуға мүмкіндік берілді.

Бұл жобалар «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы 10 жылда қор тобы жалпы сомасы 26,8 млрд теңгеге көмек көрсетіп, 59 жобаны орындады. Оның басым бөлігі Жаңаөзенде жүзеге асырылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: