Главная Новости «Самұрық-Қазына» Маңғыстауда 5 жылда 35 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды
30 января 2026, 12:35 41

«Самұрық-Қазына» Маңғыстауда 5 жылда 35 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

«Самұрық-Қазына» Маңғыстауда 5 жылда 35 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

Cоңғы бес жылда «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы Маңғыстау облысында сан саланы қамтыған 35 қайырымдылық жобаны жүзеге асырып, өңірдің әлеуметтік, мәдени және білім беру әлеуетін жақсартуға 24,8 млрд теңге инвестиция салды.

Медициналық көмекті жетілдіру мақсатында 9,4 млрд теңгеге Жаңаөзенде медицина орталығы салынып, Ақшұқыр ауылдық амбулаториясында рентген кабинеті іске қосылды.

Жыл сайын 3 мыңнан астам ерекше балаға кешенді оңалту мен әлеуметтендіру қызметін ұсынатын Ақтауда оңалту, ерте араласу және аутизмі бар баларға арналған «Қамқорлық» орталықтары мен «Періште» орталығы, Жаңаөзенде «Ainala» және «Балақай» орталықтары бар.

Талантты спортшыларға жол ашатын спорт кешендері бой көтерді: Дәулет ауылында ангар үлгісіндегі кешен, Жаңаөзенде әуе-тірек құрылымындағы кешен. Ал Жетібай мен Жаңөзенде 26 спорт алаңы қолданысқа берілген.

Жаңаөзендік дарынды жастар мен әлеуметтік аз қамтылған жасөспірімдерді қолдау мақсатында 177 білім беру гранты тағайындалған «Жарқын болашақ» жобасы жүзеге асырылуда, оның 56 қатысушысы биыл оқуды тәмамдады.

Жаңаөзенде 3 мың ш.м. болатын «Bolashaq sarayi» оқушылар сарайы салынды.

Қордың мәдени-ағартушылық бағытқа қосып жатқан тағы бір үлесі – Жаңаөзенде жаңа кітапхана салынуда. 1814,75 ш.м болатын мекеме – қаладағы алғашқы ірі заманауи кітапхана болмақ.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: