Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қоры газ саласындағы 5 басым инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Азия даму банкіне жуықта жүзеге аспақ осы жобалардың біріне инвестиция салуды ұсынды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен АДБ Орталық және Батыс Азия елдері бойынша бас директоры Евгений Жуковпен кездесуінде мәлім болды.
Сонымен қатар, қорды реформалау бағдарламасы мен «QazaqGaz» компаниялар тобын Азия даму банкі тарапынан қаржыландыру мүмкіндігі талқыланды. Қор жетекшісі қазіргі кезеңде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қызметі ел ішіндегі экономиканың нақты секторына инвестиция салуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталатынын атап өтті. Сондай-ақ, қордың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыруға және тарифтік саясатқа көзқарастарды бірқалыптандыруға бағытталатынын айтты.
Атап өтерлік мәлімет, Қор жалпы сомасы шамамен 3,4 трлн теңгені құрайтын су және газбен жабдықтау, электр энергиясын өндіру және теміржол көлігі саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жұмысты бастап кетті. Бұл тарапта жергілікті бизнесті тікелей қолдауға және шетелдік инвесторлармен жұмысты үйлестіруге баса назар аударылып отыр.
Кездесу барысында АДБ өкілдеріне қорды реформалау бағдарламасы туралы хабардар етілді. Оны жүзеге асыру мақсатында 8 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға жоғары сапалы инвестиция тартылмақ. 4 триллион теңгенің 24 жаңа өндірісі іске қосылып, 5 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
Екіжақты келіссөз нәтижесінде Азия даму банкінің өкілдері қор жүргізіп жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екендерін атап өтті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
81
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
87
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы