Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің кездесуі өтіп, оның қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» қоржындық компаниясына алғашқы пилоттық электрондық аудит жүргізу туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында Наталья Годунова мемлекеттік аудитті цифрландыру мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларды қамтыған трансформациялаудың ауқымды процесінің бір бөлігі екенін атап өтті. Бюджеттік процестерді және квазимемлекеттік сектор қызметін цифрландыру жағдайында электрондық аудитті кезең-кезеңімен енгізу маңызды рөл атқарады.
Өз кезегінде Алмасадам Сәтқалиев мемлекеттік аудиттің маңыздылығын, соның ішінде бюджет пен Ұлттық қор қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыру мақсатындағы маңыздылығын атап өтті.
«Қордың қоржындық компанияларының бірінде жүзеге асырылатын «электрондық аудит» пилоттық жобасы цифрлық болашаққа жасалған өте маңызды қадам деп есептейміз», – деді ол.
Электрондық аудит, Есеп комитеті басшысының пікірінше, аудит объектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені, ақпаратты жинау мен беруге кететін уақыт пен ақша шығынын азайтып, адами факторды барынша азайтуға, аудиторлық рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Есеп комитетінің ақпараттық жүйесі мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілгенін еске саламыз.
«Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниясына пилоттық аудитті 2023 жылы жүргізу жоспарланып отыр. Есеп комитеті Қазақстан Республикасының ірі холдингінде электрондық аудит жүргізу оның басқа мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда дамуына, мемлекеттік активтерді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдіреді.
121
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!