Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Президенті Вагит Алекперовпен кездесіп, ынтымақтастықты жетілдіру мәселелерін талқылады.
Қор басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің қорытындылары бойынша берілген 2020 жылдың қараша айындағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын жақсарту, оның ішінде Каспий қайраңындағы теңіз жобаларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«ЛУКОЙЛ» ЖАҚ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп «Жеңіс» теңіз кен орнында геологиялық зерттеулер мен іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар теңіздегі кеніштерден Қазақстанның ішкі нарығына мұнай жеткізу мәселесі қарастырылуда.
Одан басқа, үкіметаралық келісімдер аясында жүзеге асырылып жатқан Хвалынское және Центральное жобаларының ТЭН әзірлеу жалғасуда. Алмасадам Сәтқалиев компаниялар арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін атап айтып, перспективті мұнайгазхимиялық жобаларында белсенділікті арыттыруды ұсынды.
Қазіргі уақытта «ЛУКОЙЛ»-мен бірлесіп «Теңіз» және «Қарашығанақ» ірі мұнай кен орындарын өңдеу, мұнайды Каспийлік құбыр консорциумы арқылы тасымалдау жүргізіліп жатыр. 2019 жылы Алматы облысында «ЛУКОЙЛ» қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын майлау материалдарын өндіретін зауыт салды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы