Главная Новости Самұрық-Қазына мен TotalEnergies басшылары энергетика, мұнай және газ бойынша серіктестікті талқылады
31 қазан 2024, 11:19 62

Самұрық-Қазына мен TotalEnergies басшылары энергетика, мұнай және газ бойынша серіктестікті талқылады

Самұрық-Қазына мен TotalEnergies басшылары энергетика, мұнай және газ бойынша серіктестікті талқылады

Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов TotalEnergies компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша аға вице-президенті Чарльз Фернандеспен кездесті.

Тараптар қуаты 1 ГВт болатын энергия сақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жобасының кезеңдерін талқылады.

«Екі тарап арасындағы серіктестік жаңартылатын энергетика саласындағы жоба арқылы да дамып жатыр. Бұл жоғары технологиялық жоба Қазақстан мен Францияның экономикалық байланысын нығайтып қана қоймай, таза энергетикаға көшуде инновациялық шешімдерге деген ұмтылысымызды да көрсетеді», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы.

ЖЭС-ті 2028 жылдың шілдесінде іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, ҚМГ бойынша тараптар Қашаған кен орнын игеру жөніндегі Солтүстік-Каспий жобасын талқылады. TotalEnergies жобаға 16,81% үлеспен қатысуда.

Жоба аясында 2024 жылы 16,446 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: