Главная Новости «Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies басшылығы Қазақстанның оңтүстігінде ЖЭС құрылысын талқылады
05 желтоқсан 2024, 09:25 1140

«Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies басшылығы Қазақстанның оңтүстігінде ЖЭС құрылысын талқылады

«Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies басшылығы Қазақстанның оңтүстігінде ЖЭС құрылысын талқылады

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов TotalEnergies компаниясының аға вице-президенті Оливье Жунимен кездесті.

Жақыпов TotalEnergies өкілдерін компанияның 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұйымның инновацияларға, тұрақты дамуға және энергетика саласын жетілдіруге деген ұмтылысын атап өтті.

TotalEnergies компаниясымен бірге Қор және ҚМГ ірі жел энергетикасы жобасын, атап айтқанда Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС құрылысын іске асыруда. Жобаның құны шамамен 1,2 млрд доллар, жүзеге асыру мерзімі – 2021-2028 жылдар.

TotalEnergies – әлемдегі ең ірі француздық мұнай-газ компанияларының бірі, капитализациясы шамамен 129 млрд еуро. Компания - Қашаған кен орнын игеруге жауапты Солтүстік Каспий жобасы бойынша консорциум акционерлерінің бірі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: