Главная Новости Самұрық-Қазына Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысады
25 қыркүйек 2019, 15:35 1572

Самұрық-Қазына Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысады

Самұрық-Қазына Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысады

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар елорданы газбен қамту, электронды сауда, Smart city, сатып алу, әлеуметтік қызметтер, импорт алмастыруды дамыту, электронды сауда мен пошта желісін дамыту, жастарды қолдау, HR саласын дамыту сияқты 9 бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Мәселен "Ақылды қала (Smart city)" бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ елорда үйлерінің 3000 кіреберісіне 6000 бейнебақылау камерасын орнатады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласын газбен қамтуда "Сарыарқа" газ құбырының құрылысын "Самұрық-Қазына" АҚ қаржыландырып келеді. Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік аймақтарын қамтасамыз ететін газ құбыры жақын арада қала иелегіне беріледі.

"10 қазанда "Сарырқа" газ құбырының құрылысы аяқталады. Қала үшін барлық жұмысты дайындау оңай емес екенін білемін. Бұл өте маңызды мәселе, сондықтан қазір тығыз және өзара әрекеттесе жұмыс істеу қажет", - деді Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Электронды сауда және пошта желісін өркендетуде 2019 жылы франчайзингтің 8 нүктесін, сондай-ақ, 2020 жылы 12 франчайзинг нүктесі мен 200 автоматтандырылған сәлемдемені жеткізу қосынын ашу жоспарланған.

Меморандумның маңызды бөлігі сатып алу, атап айтқанда импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау арқылы Нұр-Сұлтан қаласында жаңа нысандарды салуға қатысты жобаларға қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, елорда әкімдігі жаңа өндірістер құру жобаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы іріктеуді қамтамасыз етеді. Жаңа өндірістер құру жобаларына жалпы 1,6 млрд теңге бөлінді.

Елордалық кәсіпкерлерге, Қор тобындағы сатып алуларға қатысуға көмек көрсету аясында, "Самұрық-Қазына" АҚ қала кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемін 2018 жылмен салыстырғанда кем дегенде 10%-ға арттыруға күш салады. Биыл Қор астаналық кәсіпкерлерден сатып алуға шамамен 380 млрд теңге бөлді.

Бұдан тыс, тараптар Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік саласының түйткілдерін талқылады. Қор әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, сал ауруы бар балаларды оңалту сынды әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржылай көмек көрсетеді. Мысалы Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикалық спорт кешені және Қазақ драма театры сияқты әлеуметтік нысандарды салуға  жалпы 58 млрд теңге бөлінді.

Сөз соңында Қор басшысы елордаға деген мақтаныш сезімі мен күн санап қанат жайған қаланың гүлденуіне деген үміт білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: