Главная Новости Самұрық-Қазына парниктік шығарындыларды 10 пайызға қысқартады
13 маусым 2023, 08:16 829

Самұрық-Қазына парниктік шығарындыларды 10 пайызға қысқартады

Самұрық-Қазына парниктік шығарындыларды 10 пайызға қысқартады

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Astana International Forum алаңында айтты.

«Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына қол жеткізбекші. Елдегі көмірқышқыл газы эмиссиясының шамамен 15 пайызы біздің компаниялар тобына келеді. Біз бұл жауапкершілікті толық сезінеміз. 2032 жылға қарай парниктік шығарындыларды 10 пайызға азайтуды көздеп отырмыз», - деді Қор басшысы.

Оның сөзінше, станциялардың қуаты 1 ГВт электр энергиясына жетуі мүмкін. Қазір Қазақстандағы барлық жаңартылатын энергетиканың жалпы қуаты (күн, жел, су) - 2,4 ГВт.

«Masdar компаниясымен Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт ЖЭС салу туралы келісімге келдік. Оның құрылысына байланысты іс-шаралар жобасы CPIH компаниясымен бірлесіп қабылданды. Сонымен қатар, біз Power China басшылығымен Алматы облысында ЖЭС ауқымын кеңейтетін болып келістік», - деді Қор басшысы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: