Главная Новости Самұрық-Қазына Павлодардағы перинаталдық орталыққа ретиналды камера орнатты
19 желтоқсан 2023, 10:14 1039

Самұрық-Қазына Павлодардағы перинаталдық орталыққа ретиналды камера орнатты

Самұрық-Қазына Павлодардағы перинаталдық орталыққа ретиналды камера орнатты

Нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи аппарат «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландырумен Павлодар облыстық Перинаталдық орталығына тарту етілді.

Енді перзентханада жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте диагностикалауға және уақтылы емдеуге көмектесетін толық құрал-жабдық жиынтығы бар.

Павлодар облысында жыл сайын 10 000-нан астам бала дүниеге келеді. Өңірде соңғы бір жылда 763 сәби мерзімінен бұрын туылған. Мұндай балалардың 40%-да ретинопатия – көру қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтыратын ауыр диагноз қойылады. Дәрігерлер перзентханада неонаталдық офтальмологияның қалыптасуына көмектескені үшін «Samruk-Kazyna Trust» қорына зор ризашылығын білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: