Главная Новости «Самұрық-Қазына» Петропавлда инклюзивті спорт орталығының құрылысын қаржыландырды
22 мая 2026, 16:25 26

«Самұрық-Қазына» Петропавлда инклюзивті спорт орталығының құрылысын қаржыландырды

«Самұрық-Қазына» Петропавлда инклюзивті спорт орталығының құрылысын қаржыландырды

Облыс орталығында Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды. Жаңа әлеуметтік нысан өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға және инклюзивті спортты қолдауға жағдай жасайды.

Салтанатты рәсімге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, спортшылар мен спорт ардагерлері қатысты.

«2021-2025 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында бес әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында Qyzyljar креативті орталығы, «Қамқорлық» ерте араласу орталығы, Саумалкөлдегі спорт кешені және басқа да нысандар бар. Инклюзивті спорт орталығының құрылысы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы», – деді Ғибрат Ауғанов.

Жаңа орталық заманауи көпфункционалды кеңістікке айналады. Онда 100 көрерменге арналған трибунасы бар әмбебап спорт залы, пауэрлифтинг аймағымен жаттығу залы, жекпе-жек залы, үстел ойындары залы, жүзу бассейні, медициналық пункт, әкімшілік-тұрмыстық блок, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толық бейімделген инфрақұрылым қарастырылған.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ қаржылай қолдауымен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры жүзеге асырып жатыр. Осындай инклюзивті спорт орталықтарын Павлодар мен Атырауда да салу жоспарланып отыр. Жалпы биыл «Самұрық-Қазына» тобының қолдауымен еліміздің 9 облысында 11 спорт кешенінің құрылысы басталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: