Главная Новости «Самұрық-Қазына» табыстаған нейрохирургиялық роботтың көмегімен Өскеменде алғашқы ота жасалды
11 сентября 2026, 12:20 30

«Самұрық-Қазына» табыстаған нейрохирургиялық роботтың көмегімен Өскеменде алғашқы ота жасалды

«Самұрық-Қазына» табыстаған нейрохирургиялық роботтың көмегімен Өскеменде алғашқы ота жасалды

Ана мен бала орталығында навигация жүйесі мен жасанды интеллект технологиялары қолданылатын Remebot RM-200 роботтандырылған кешенінің көмегімен алғашқы нейрохирургиялық ота жасалды. Құны 433 млн теңгеден асатын жабдық «Самұрық-Қазына» қолдауымен «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы сатып алынды.

31 тамызда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Өскеменге жұмыс сапары барысында Ана мен бала орталығына барып, роботтандырылған кешенді жеткізуге арналған сертификатты табыстаған еді. Remebot RM-200 кешенінің негізгі артықшылықтарының бірі – нейрохирургиялық отаны бастамас бұрын ол хирургиялық жұмыстарды жоғары дәлдікпен жоспарлай алады. Жүйе 3D-жоспарлау, навигация және жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған.

КТ және МРТ деректері негізінде мамандар дайындық кезеңінде хирургиялық жұмыстар жасалатын аймаққа жетудің оңтайлы траекториясын анықтайды.

Робот операцияны өздігінен жасамайды – барлық хирургиялық манипуляцияларды дәрігер орындайды. Кешен өңірде нейрохирургиялық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жаңа жабдық күрделі нейрохирургиялық емдеуді қажет ететін балалар мен басқа да пациенттерді емдеу үшін қолданылады.

Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, роботтандырылған кешен операцияға дейінгі дайындық пен навигацияның дәлдігін арттыруға, сондай-ақ мекеме базасында жасалатын нейрохирургиялық ота түрлерінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Соңғы 10 жылда қордың қолдауымен өңірде 1,9 млрд теңгеге 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: