Главная Новости «Самұрық-Қазына» тәлімгерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетеді
18 сентября 2025, 13:58 915

«Самұрық-Қазына» тәлімгерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетеді

«Самұрық-Қазына» тәлімгерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетеді

«Samruk Úmiti» жобасы аясында Өскемен мен Павлодардан колледждерге оқуға түскен 39 тәрбиеленушіге «Самұрық-Қазына» тобының Жастар қанатының қызметкерлері арасынан тәлімгерлер тағайындалады. Балалардың басым бөлігі техник-электр механигі, дәнекерлеуші, слесарь, өрт қауіпсіздігі технигі және басқа да сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды таңдады.

Тәлімгерлер пулын «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы бекітеді. Олардың міндеті – тәрбиеленушілерге оқуға бейімделуден бастап, мамандықты меңгеру және жұмысқа орналасуға дейін қолдау көрсету. Әр бала үшін жеке даму жоспары әзірленеді, оған тұлғалық өсу, қаржылық және құқықтық сауаттылық бойынша тренингтер енгізіледі.

Бұдан бөлек, студенттер Samruk Business Academy курстарынан өте алады. Колледждің жоғары курстарында олар дуальді оқытуға көшіп, теория мен кәсіпорындардағы тәжірибеден қатар өтеді.

«Samruk Úmiti» – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бастамасымен іске қосылған жоба. Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 жасөспірімді қолдауға, олардың мамандықтарды меңгеруіне көмектесуге арналған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: