Главная Новости «Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде
06 января 2026, 15:02 90

«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде

«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде

ЖИ-ді қолданудан күтілетін жиынтық әсер 5 жылда $1,3 млрд болады деп бағаланып отыр

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Баяндаманың негізгі тезистері:

• 2025 жылы Қорда бірыңғай IT-стандарт пен өндірістік процестерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша Жол картасы бекітілді.

• Қор тобының 239 мың қызметкері жасанды интеллект саласындағы негізгі дағдылар бойынша білім алды.

• Бірыңғай корпоративтік SKAI жасанды интеллект экожүйесі қалыптастырылуда, негізгі көрсеткіштермен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін SKAI Data платформасы іске қосылды.

• Компаниялар тобында жасанды интеллект қолданылатын 62 жоба жүзеге асырылуда, олардың басым бөлігі өндірістік процестерде қолданылады. 5 жыл ішінде ЖИ жобаларын енгізудің жиынтық экономикалық әсері $1,3 млрд-тан асады.

• HR, сатып алу, қаржы, инвестициялардан өндірістік қауіпсіздікке дейінгі негізгі функциялар үшін ЖИ-ассистенттер енгізілуде. Барлық шешімдер «бір терезе» қағидаты бойынша бір SKAI-ассистентіне біріктіріледі.

• 2026 жылы портфельдік компаниялар үшін жасанды интеллект есебінен EBITDA-ны 5%-ға арттыру бойынша KPI белгіленді, осылайша, алдағы уақытта басқарушылық шешімдердің 70%-ы жасанды интеллектінің қатысуымен қабылданбақ.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: