Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Нью-Йоркте Amazon Project Kuiper компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі жаһандық бағыт басшысы Лиза Скалпонемен кездесті. Тараптар серіктестік мәселелерін, соның ішінде Қазақстанды Amazon Kuiper компаниясының спутниктік интернетімен қамтамасыз ету бойынша «Қазақтелекоммен» бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесу барысында екі құжатқа: Қор мен Kuiper Systems LLC арасындағы серіктестік туралы меморандум және «Қазақтелеком» мен Amazon Kuiper Commercial Services арасындағы дистрибуция келісімшартына қол қойылды. Аталған серіктестік қазақстандықтарды, соның ішінде шалғай өңір тұрғындарын, жоғары жылдамдықты спутниктік интернетпен қамтамасыз етіп, елдің цифрлық инфрақұрылымының ірі технологиялық компаниялармен ықпалдастығын жақсартады.
«Қазақтелеком» АҚ Amazon Kuiper Commercial Services компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Ол болашақта республиканың шалғай аймақтарындағы тұрғындарды интернет және цифрлық сервистермен қамтамасыз етеді. Бұл шешім бүгінде интернет жұмыс істемейтін қашықтағы өндірістік алаңдарды цифрландыруда маңызды қадам болмақ. Amazon Kuiper Қазақстанда жерүсті инфрақұрылымына инвестиция құйып, жергілікті техникалық базаны құруды жоспарлап отыр.
«Серіктестігіміз айтарлықтай нәтижелерге жеткізіп, цифрлық инфрақұрылымды дамытудың қосымша құралы болатынына сенімдімін», – деді Жақыпов.
Amazon Kuiper – Amazon компаниясының Жер шарының шалғай және қолжетімсіз аймақтарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін орбиталық жерсеріктер тобын орналастыруға арналған жобасы.
Amazon – электронды коммерция мен бұлтты сервистер саласында жетекші орын алатын әлемдегі ірі корпорациялардың бірі. Орталық кеңсесі Сиэтл қаласында (АҚШ) орналасқан.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы