Главная Новости «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
24 октября 2026, 16:14 32

«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасының күніне орай «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың қызметкерлеріне кәсібилігі, адал еңбегі және ел дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар табысталды.

⏫️Экономиканың түрлі салаларында еңбек ететін мамандар III дәрежелі «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрметті қызметкері» атағын, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды.

«Қор мен оның портфельдік компаниялары адамдардың білімі, тәжірибесі мен күнделікті еңбегінің арқасында жетістіктерге жетті. Олардың кәсібилігінің арқасында стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, Қазақстан экономикасы үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

Әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: