Главная Новости Самұрық-Қазына тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға дайын
23 мамыр 2019, 10:43 2125

Самұрық-Қазына тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға дайын

Самұрық-Қазына тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға дайын

Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде меморандумға қол қойды. Уағдаластық аясында еліміздегі әлеуметтік тұрғыда әлсіз саналатын азаматтар қатарын қолдау бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ деп хабарлайды SKnews.kz тілшісі.

Мәселен, Қор басшысының айтуынша, сал ауруына шалдыққан 1500 баланы оңалтуға, Қазақстанда ем жасалмайтын 10 балғынды шетел емханаларына жіберуге, шалғай елдімекендерде тұратын 60 мың адамды медициналық көмекпен қамтуға, 1400 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерінің ТМД аумағында пойызда тегін жүруіне және кем дегенде 40 әмбебап балалар ойын алаңын салуға күш салынады.

Сонымен қатар, жасы 18-ге толмаған кемінде 30 бала мен жасөспірімнің зияткерлік, шығармашылық немесе спорт сайыстарына баруы үшін жол шығындарын көтеріп алу жоспарланған. Жоғарғы оқу орындарының іріктелген 30 дарынды түлегінің көкжиегін кеңейту, кемінде 60 түлекті өндіріс салаларын цифрландыру жобаларында тәлімгерлік бағдарламаға қабылдау және жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Меморандум кем дегенде 50 коммерциялық емес ұйымның бастамаларына қаржылық және басқа да көмек көрсету арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектер ұйымдарын қолдау мақсатымен олар өндірген тауарларды сатып алу мәселелелерін қамтиды.

"Осылайша әлеуметтік саланы әрі қарай да жан-жақты дамытуға, жекелеген азаматтар санатының өмір сүру сапасын арттыруға, тың әлеуметтік бастамаларды іске асыруға қажет ортақ күш-жігерді біріктіре аламыз", - деді Ахметжан Смағұлұлы.

Министр басқа да бизнес өкілдерін әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуда Қор компанияларынан үлгі алуға шақырды.

"Біз, расында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының тұтас Қазақстан бойынша көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп жатқанын білеміз. Әсіресе балалардың, жарымжан кісілердің, ардагерлердің денсаулығын жақсартуға тұрақты іс-шаралар атқарылуда. Мысалы Ақтөбе өңірін басқарғаннан қанықпын, ол жақта сіздердің компанияларыңыз халық ризашылығына бөленетін игілікті істерге мұрындық болды. Бүгінгі ниеттеріңіз үшін де алғысымды айтамын. Сіздердің бұл қадамдарыңыз елімізде жұмыс істеудегі өзге де кәсіпорындарға өнеге болуы тиіс", - деген Бердібек Машбекұлы жалақының уақтылы төленуі, еңбек қауіпсіздігі сияқты маңызды бағыттарда да бірлесе әрекет етуге әзір екендіктерін жеткізді. 

Меморандум Елбасының "Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты" бағдарламасы шеңберінде жасалды.

"Самұрық-Қазына" холдингіне кіретін барлық компаниялардың атынан қайырымдылық қызметін "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүргізеді.  2019 жылы аталған қор жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр. Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: