Главная Новости Самұрық-Қазынада әлеуметтік бағдарламалар көлемі ұлғаяды
04 наурыз 2019, 17:14 2636

Самұрық-Қазынада әлеуметтік бағдарламалар көлемі ұлғаяды

Самұрық-Қазынада әлеуметтік бағдарламалар көлемі ұлғаяды

Бүгін «Самұрық-Қазына» қорында өткен жиында Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде белгілеген тапсырмаларын белсенді орындау қажеттігін нұсқады. Осы орайда әлеуметтік бастамалардың барлық бағытына мұқият назар аударылмақ.

 

«Өткен жыл Қор үшін жемісті болды. Қордың табысын 33%-ға арттырдық, мемлекеттік бюджетке аударым көлемі 1 триллион теңгені құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 200 млрд теңгеге ұлғайды. Оң қаржылық нәтижелер әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастырумен қатар, Президент белгілеген тапсырмалар аясында оларды айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді»,- деді Ахметжан Есімов.

2018 жылы  Қор денсаулық сақтау саласы аясында үш оңалту орталығының негізін қалауға қолдау көрсетті. Онда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1627 балаға тегін оңалту курстарынан өтті. Сонымен қатар Қор ауылдық жерлерде спорттық инфрақұрылымды қалыптастыруға және шалғайдағы тұрғындарға жоғары білікті медициналық көмек көрсететін медициналық пойыздарды ұйымдастыруға қол ұшын созды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру шеңберінде Қор балалар мен жасөспірімдер лагерьлерінде әлеуметтік әлжуаз отбасылардан шыққан 1830 баланың білім алуына және демалуына жағдай жасады. Сонымен қатар білім беруге және кәсіби бағдарға бағытталған бірқатар шара  қаржыландырылып, оған 23 мыңнан астам бала тартылды.

Биылғы жылы Қор денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру, жалақы және қайырымдылық бойынша қолға алынған жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады. 2019 жылы Қордың компаниялар тобында ең төменгі жалақының деңгейін 42,5 мың теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Жастар жылының шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордың қоржындық компания басшыларына жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды тапсырды. Атап айтқанда, компаниялардың бірінші басшылары «Жас Өркен» бағдарламасына және «Цифрлық жаз» жобасының дамуына қолдау көрсетуі қажет. Оның арқасында астаналық және өңірлік жоғары оқу орындарының дарынды түлектеріне Қор тобының компанияларында жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

Жиын барысында, Ахметжан Есімов, Қордың қоржындық компаниялар тобының басшыларына әлеуметтік бастамалардың барлық бағыттары бойынша нақты іс-шараларды әзірлеп, мақсатты нәтижелерді айқындауды және оларды іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: