Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында өткен мәжілісте Қордың сатып алу жүйесіндегі ашықтық мәселесін шешудің өзектілігін атап өткен болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында конкурстық рәсімдерді өткізудің жаңа ережелері әзірленді. Бүгіннен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен жаңа редакцияда бекітілген Сатып алу тәртібі күшіне енеді.
«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сатып алуды өткізу тәртібі Қаржы министрлігімен келісілді.
Тәртіп жобасын әзірлеу кезінде Қор Қаржы министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен құжатты талқылап, консультациялар жүргізді. Жан-жақты қамтылған жүйелі кеңес нәтижесінде құжатта мемлекеттік органдардың негізгі ескертулері мен бизнес-қауымдастықтардың сындарлы ұсыныстары ескерілді.
Қор қабылдаған жаңа тәртіп басқа құжаттарға сілтемесіз барлық сатып алу рәсімдерінің сипаттамасын қамтиды және тікелей әрекет құжаты болып табылады.
Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздері айтарлықтай қысқартылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциацияларды жаңа үдерістерге қатыстыру арқылы сатып алудың санаттық басқарылуы және біліктілікті іріктеу процесінің ашықтығы арттырылды. Осы ережеге сәйкес, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдаудың жаңа шаралары енгізілді.
Сатып алу үдерісін жетілдіру мақсатында Қор, мүдделі мемлекеттік мекемелер және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, еліміздің аумағындағы барлық субъектілердің сатып алуларын реформалау үдерісіне белсенді түрде атсалысуды жоспарлап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!